Жарнама
Қоғам

СПОРТТЫ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН

 

Өңірде спорт саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматты еске алу мақсатында  «Мұнайшы» спорт кешенінде  Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Берік Тасырұлы өзінің еңбек жолын 1969 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытының №6 цехында электр монтері болып бастады. Кейін Кеңес әскері қатарында болып, одан әрі еңбек жолын спорттық қоғамдастықтарда жалғастырды. 1982 жылдан 1994 жылға дейін «Мұнайшы» стадионын басқарды, кейін 2002 жылға дейін «Мұнайшы» спорт кешені директорының оқу-спорттық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Соңғы он жыл ішінде Берік Тасырұлы аталған зауыттың кәсіподақ комитетінің спорт жөніндегі әдіскері болып еңбек етті.  Оның ерекше жігері мен спортқа деген махаббаты зауыт спортшыларын жеңіске бастады.    

Спортшылар төрт командаға топтасып, сайысқа түсті.  Спорт жанашырын еске алуға арналған алғашқы турнирдің ауыспалы кубогын №5 және №8 цех ойыншыларының құрамасы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар турнирді дәстүрлі шараға айналдыруды көздеп отыр.

— Бүгінгі шарадан зауыт қызметкерлерінің Бәкеңе деген ерекше ықыласын  байқадым, сол жылулықты сезіндім. Ол спортты жан-тәнімен беріле сүйетін. Осыны бағалап, еске алу турнирін ұйымдастырып жатқан зауыт басшылығына алғысым шексіз, — деді шара соңында сөз алған Берік Ералиевтың жолдасы Сәуле Досанова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button