«ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ – АР-НАМЫСТЫҢ АЙНАСЫ»

Жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру мақсатында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақ қызы – ар-намыстың айнасы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Шараға аймақ басшысының орынбасары, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының, саясаткер әйелдер клубының төрайымы Айгүл Әжіғалиева қатысты.

Біз төменде семинарда айтылған ұсыныс, пікірлерді жүйелеп жариялап отырмыз.

Босаға – бойжеткенмен әдемі

Айжан ҚАРАБАЕВА, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, модератор:

– «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қағидамен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту бірінші орында тұрды. Бүгінгі отбасының қыз балаға тәрбие берудегі жетістіктеріне қуансақ, кемшілік тұстары қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардан көрініп қалып жатады.

Сондықтан, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының, саясаткер әйелдер клубының, облыстық білім беру басқармасының және колледж ұжымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл семинар бүгінгі күннің өзекті мәселе-сіне айналған жастар тәрбиесі, соның ішінде, қыз бала тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыруға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

 

Ұлттың ұяты – қыздарда

Күнайым РАБАЙ, педагог-психолог, психологтар гимнінің авторы:

– Қилы заманда, тар жол тайғақ кешіп, соғыс зардабын шеккенде де қыз бала тәрбиесі бұзылған жоқ. Сондықтан да, қазақ халқы әдеті мен ғұрпын, салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, жас ұрпақ бойына сіңірді. Ал, қыздарымыздың қазіргі келбетіне көз тастап, ой салып көрсек… Бәрі бірдей көргенсіз атанып, адасып жүрген жоқ. Білімді, белсенді қыздарымыз қаншама?! Келісті келіндер де жетерлік. Дегенмен, бәрінің бірдей ақылы көркіне сай емес екендігі ащы болса да шындық. «Қызға қырық үйден тыйым салған аналар мен жеңгелердің тәрбиесі тұғырдан тайғаны ма?» деген сан сұрақтар самсап тұр.

Сондықтан, барлық білім ошақтары тәрбие тізгінін қолға алуы — заман тудырған қажеттілік.

 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз