Жарнама
Қоғам

ҰШҚЫР ҚАЛАМ ҰЛЫҒЫЛАНДЫ

«Әр таратылған хабар мен жазылған жаңалықтың объективті болуы — басты міндет. Шынайы да нақты ақпарат тарату – журналистің ең негізгі мақсаты. Қиын да қызықты кәсіп иелерін бүгінгі күні құттықтай отырып, бұқара мен билік арасындағы абыройлы жұмыстарыңызға толайым табыстар мен зор денсаулық тілеймін» деген Серік Кенғанұлы басқосуға келген журналистердің де жылы лебіздерін тыңдап, әртүрлі тақырыпта кеңінен әңгіме қозғады. 
Өз кезегінде жиынға қатынасқан «Атырау Ақпарат» ЖШС директоры мен облыстық газеттердің бас редакторлары, облыстық телеарна басшылығы да қала әкіміне алғыс білдіріп, бірлескен жұмыстың нәтиже берерін атап өтті. Серік Айдарбеков те осы пікірді толықтай қолдайтындығын білдіріп, әрқашан БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Шаһар басшысының марапатына ие болғандар қатарында біздің басылымымыздың бөлім меңгерушісі

Г.Әмірова мен компьютерлік орталықтың жетекшісі Д.Мұхамбеталиев те болды. 

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button