ШҰБАТ ПЕН ҚЫМЫЗ – ӨЗІМІЗДЕН!
Сауылған сүтті пластмасса ыдысқа құятын цехтың да ғимараты салынып, Қытай, Швеция және Ресейден қажетті деген қондырғылары алынып қойылыпты. Бірақ, әлі орнату жұмыстары қолға алынбаған екен. Қожалық иесінің айтуынша, дайын өнімді өткізетін орындармен де келісім жасалып жатқан көрінеді.
— Қожалықты құрғаннан бері 50-дің үстінде түйе, 142 бас бие малын алып, бақтырып отырмын. Оның үстіне, өткен жылы көкөніс-бақша, картоп егіп, тым-тәуір өнім алдым. Соның ішінен 150 тоннасын несиеге алған қаражат есебінде қайтарып, қалған 30 тоннасын қоймада сақтаудамын. Малға қажетті 700 бума пішенге — 700 мың, суға — 1 млн., картопқа 300 мың теңге субсидия алдым.
Жалпы, картоптың 1 гектарына — 20 мың, көкөніс-бақшаға 15 мың теңгеден субсидия төленеді ғой, — деді шаруашылық жайында баяндаған қожалық басшысы Ақеділ Шалхаров.