2400 сайт бұғауланды

i 2 Жаңалықтар

Өткен жылы ел бойынша экстремистік сипаттағы 1500 сайт жабылды. Биылдың өзінде  алты мыңнан астам сайт зерделеніп, оның ішінде 900 интернет-ресурстың заңға қайшы ақпарат таратумен айналысқаны анықталған. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

i

Сараптама жұмыстары әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне де  жүргізілуде. «Ағымдағы жылы 1,5 мыңнан астам нысан сараптамадан өтті. Оның ішінде 54 материал құқыққа қайшы контенті бар деп танылды. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілді. Нәтижесінде 13 кітап деструктивті маз-мұнда деп табылды» деді баяндамашы.

Министр жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен де бөлісті. Мәселен, дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейі 87%-ды құраған. Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын жақсы бағалау – 60%, мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына риза болғандар  75% -ды көрсетіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз