Жарнама
Қоғам

Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды жүйелі түрде атқарады.

Осы ретте, Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылармен түсірілген шағымдар заң шеңберінде қаралып, тиісті шаралар қолданылуда.

Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны жер учаскесін кезегіне сәйкес алу бойынша Атырау қаласы әкімдігіне жолдаған өтініміне бас тарту алып, оған көңілі толмай Департаментке жүгінеді.

Департамент құжаттарды зерделеу барысында қызмет беруші және келісуші органдар тарапынан заңнама талаптары сақталғандығын, алайда қызмет алушы құқығы бұзылғандығын анықтайды.

Бұл ретте, Департамент алаңында тиісті уәкілетті органдармен жиналыс ұйымдастырылып, Ақпараттық жүйелердегі жер учаскелерінің координаттарының әртүрлі болу себебінен жер учаскелері беттесіп, қызмет алушы құқығының бұзылуы негізсіз деп пайымдалды.

Атап айтқанда, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры жүйесі (ЕГКН) мен жергілікті атқарушы органдар қолданылатын ақпараттық жүйелердегі жер учаскелерінің координаттары әртүрлі болуы салдарынан орын алған.

Осыған  орай, қызмет алушының сұрап отырған жер учаскесінің координаттары жұмыс тәртібінде нақтыланып, беттесу ықтималдығы жойылып, Департаментпен қызмет берушінің бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы тиісті ұсыныс берілді.

Сондай-ақ, жоспарланып отырған «Қайнар» ықшам ауданында 600-ге жуық жер учаскелерін кезектілікке сәйкес беру кезінде осыған ұқсас проблема туындамас үшін, Департаменттің ақпан айында өткізілген ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында тиісті уәкілетті органдарға осы учаскелер координаттарын нақтылап, сәйкестендіру шараларын қабылдау бойынша тапсырмалар берілді.

Атап өту қажет, былтырғы өткен 2023 жылы Департаментпен барлығы 16 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілсе, 2024 жылдың қаңтар, ақпан айларында 5 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөзі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button