Жарнама
Қоғам

Құрманғазыда Жастар күні «LotosFest-2025» аясында аталып өтті

Құрманғазы ауданында Жастар күніне арналған мерекелік іс-шара кең ауқымда ұйымдастырылып, жастардың басын қосқан «LotosFest-2025» фестивалімен ұштастырылды. Мақсаты – аудан жастарының белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту мен қолдау көрсету. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

img 0690

Шараға ауданның әр түкпірінен келген белсенді жастар, волонтерлер, жас мамандар мен студенттер қатысты. Жастар ерекше көтеріңкі көңіл күймен жиналып, кештің атмосферасын жандандыра түсті.

Мерекелік кештің ашылуында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары А.Муратов пен аудандық мәслихат төрағасы Г.Қалиева құттықтау сөз сөйлеп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастарға алғыс хаттар табыстады.

Салтанатты жиын барысында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен жас таланттар концерттік бағдарлама ұсынып, кештің шырайын кіргізді. Ән мен биден, түрлі өнер көрсетілімдерінен құралған бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

Шара соңында жастарға арналған би кеші ұйымдастырылып, кеш қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button