Жарнама
Қоғам

Қолдан жасалған қымбатшылық

Құрылыс материалдарының бағасы күн санап көтеріліп барады. Мұның себебі қажеттінің бәрі сырттан тасымалданатындығымен, оны жеткізудегі шығынның көптігімен байланыстырылады. Дегенмен өз елімізде шығарылатын цемент, қиыршық тас, құмның құны неге шарықтағанын ешкім түсіндіріп бере алмай отыр.

Баға тұрақсыздығы байқалады

Еліміздің әр өңіріндегі құрылыс материалдарының бағасын сараптап көрсек, оның түрліше екенін байқау қиын емес. Әдетте адам аяғы үзілмейтін Алматының өзінде бағалар аспандап тұр. Мұнда соңғы апталарда бір қап цементтің құны бірден 800 теңгеге, құм 150-ден 350 теңгеге өсіп кеткен. Құрылыста жоғары сұранысқа ие пеноплекстің бір шаршы метрі бұрын 5000 теңгеден сатылса, қазірде ол 8500 теңгеге көтерілген. Көршілес Маңғыстау облысында осыған дейін бір тоннасы 2 мың теңгеге бағаланып келген қиыршық тастың бәсі 3,5 мың теңгеге (екі есеге жуық) жоғарылаған. Ал осы жақтан өндірілетін ұлутастың (ракуша) бір текше метрі 11 мың теңгеге тұрақтапты. Осыдан бірер ай бұрын ол 6 мың теңгеден сатылған екен. Бұл екеуінің де осы өңірде шығатынын ескерсек, бағасының осыншалықты шарықтауы ақылға қонбайды. Сол сияқты карьерден қазып алынатын бір машина құм 7 мың теңгеден жеткізіліп келсе, енді ол да 13 мың теңгеге көтеріліп кетіпті. Оның үстіне, екі ортадағы делдалдардың қосатыны бар. Тасымалдаушылардың айтуынша, бір рейстің үстінен табатын пайдасы 1000-2000 теңгеден аспайды. Тақтайдың да бағасында тұрақтылық жоқ. Атырауға Ресейден жеткізілетін ағаштардың бағасы бір айда аспандап шыға келген. Мәселен, бір ай бұрын текше метрі 70 мың теңгеге бағаланған тақтай қазір 120 мың теңгеге сатылады. Ал өлшеп кесіліп қойған ағаш материалдарының бағасын сатушылар өз қалауынша қойып алғанға ұқсайды.

– Өзімізде бұлардың бірде бірі өндірілмейді. Материалдың бәрі Ресейден келеді. Қазір арматураның бір тоннасы 400 мың теңгеден асып кетті. Осының өзі оның ең төменгі бәсі. Қазір барлық жерде де жағдай осындай. Алайда, біздің Атырауда өзгелермен салыстырғанда ерекше қымбатшылық бар. Сонда мұны кім қадағалайды, бағаға бақылау, шектеу болмай ма, — дейді қынжылысын жасырмаған қала тұрғыны Жұмабай Қарымсақов.

Материал неге қымбаттады? Қазіргідей құрылыстың қарқын алған кезінде оған керекті материалдар құнының күрт көтерілуі жеке үй салушылардың қалтасын қағып, кесірін тигізуде.

Ұлттық статистика бюросының А т ы р а у о б л ы с ы б о й ы н ш а департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсімі орташа есеппен 16%-ды құрады. Соның ішінде, темірбетон бұйымдары – 12, цемент – 5, полиэтилен құбырлар – 10, силикат кірпіш – 6%-ға өскен. Әсіресе, ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етуде көбінесе импортқа тәуелді болып келетін арматура, шыны материалдары бағасының шектен тыс көтерілгені байқалып отыр. Құрылыс материалдары бағасының күрт жоғарлауына электр энергиясы, жанар-жағармай мен магистральды теміржол желісі қызметі құнының қымбаттауы себепші болған. Осыған байланысты бұл жағдайды ретке келтіріп, ырықтандыру жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кірпіш, цемент, арматура, қиыршық тас, полиэтилен құбырларын өндірушілер мен жеткізушілерге 26 жазбаша хабарлама жіберген. Одан бөлек, құрылыс материалдарын өндіруші 10 субъектімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы келісім жасалған. Б ү г і н г і к ү н н і ң б а с т ы тақырыптарының біріне айналған өзекті мәселе үлкен мінберлерден де айтылып жүр. Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығындағы дүрлігу мен бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде Үкіметке берген тапсырмасын орындау мақсатында республика бойынша 14 ірі құрылыс компаниясына бағаны төмендету шараларын алу туралы хабарлама жолданған. Премьер-Министр Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Индустрия ж ә н е и н ф р а қ ұ р ы л ы м д ы қ д а м у министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жосықсыз өндірушілер мен өнімді жеткізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер арасында ұзақ мерзімді сатып алу келісім-шарттарын жасау мүмкіндігін пысықтау, құрылыс саласында импорт алмастыру бойынша жоспарланған жобаларды уақытында іске қосуды қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Отандық өндірістің өрісі Отандық құрылыс индустрия с ы н а р ы ғ ы н д а ө з і н д і к о р н ы бар компаниялардың бірі – «БатысАльянсСтрой» ЖШС. Осы салада жұмыс жасағанына 20 жылға жуықтаған бұл кәсіпорын бүгінде құрылысқа аса қажетті тауарлы бетон мен темірбетон өнімдерін шығаратын еліміздегі ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Осы компанияның қатысуымен Атырауда көптеген өндірістік және әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жобалар жүзеге асырылды.

С е р і к т е с т і к д и р е к т о р ы н ы ң орынбасары – зауыт директоры Жаңабай Жұбановтың айтуынша, бүгінде кәсіпорын жұмысына қатысты, яғни тауарлы бетон мен темірбетон бұйымдарын дайындауда қ ол д а н ы л ат ы н б а с т ы м ат е р и а л саналатын арматураның бағасы соңғы екі айда бірден 55%-ға көтеріліп, 1 тоннасының сатып алу құны 550 мың теңгеге жеткен. Жуырда ғана ол 300 мың теңгенің шамасында болған еді.

– Өзімізге аса қажетті арматураны Қарағандыдан сатып аламыз. Ал, ондағылар Ресейден тасымалдайды. Бағаның аспандап шыға келуіне осы жағдай да себепші, — дейді сұхбаттасушымыз.

Бұл жерде тіпті қосымша компоненттер ретінде пайдалынылатын құм, цемент қиыршық тас сияқты инертті материалдардың бағасы жөнінде айтылып отырған жоқ. Бұлардың бағасы да қымбаттағанын алға тартқан серіктестік өкілінің сөзінше, жалпы алғанда 500-ге тарта өнім түрі шығарылатын кәсіпорын бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (тариф) бір жыл мерзімге бекітіледі екен. Соған сәйкес, тапсырыс берушілермен арада келісім-шарт жасалады. Сөйтіп, сатып алынатын шикізаттың бәсі сан құбылғанымен бұлар әу баста белгіленген бағаны сақтап қалуға ұмтылады.

Статистика лық мәліметтерге сүйенсек, қазір тауарлы бетон мен темірбетон бұйымдарын өндіретін зауытта негізгі шикізат ретінде пайдаланылатын цементтің бағасы – 6, арматура – 4,8, болат жайма – 39, бетон – 1,3%-ға өскен. Соған қарамастан, «БатысАльянсСтрой» ЖШС қордағы материалдарын тиімді пайдалану арқылы түскен тапсырыстарды уақытылы орындап, бағаларын көтермеген. Алға қарай да оны негізсіз өсірмеуге бекініп, бәсекелестікті реттеу департаментімен келісімге қол қойған.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button