Атырауда өткен қысқы марафонға 500-ден астам адам қатысты (+ ФОТО)

yis yi marafon Жаңалықтар

Екі жыл қатарынан жаз айларында марафон өткізіп машықтанып алған  «Infinity» фитнес клубының мұрындық болуымен   жексенбі күні Атырау қаласында алғаш рет «Ice Rise – 2019» атты  қысқы марафон ұйымдастырылып, оған 500-ден астам адам қатысты.

yis yi marafon 3

Ұзақтығы төрт жарым шақырымды құраған жаппай марафонда атыраулықтармен қатар көршілес Орал қаласының бір топ спорт сүйер жастары да жүгірді. Жарысқа қатысушылар  облыстық әкімшілік үйінің алдындағы Бейбарыс алаңынан Жайық өзенінің жағалауын бойлай жүгіріп, бастау орнында аяқталатын мәреге кері оралып отырды. Ұйымдастырушылар алғашқы болып тіркелген 250 қатысушының мойнына  естелік медаль тағып, қалған жүгірушілерге сертификат табыстады. Жарыс қорытындысында  қыздар арасында Амина Зинорова мәре сызығын алғашқы боп кесіп өтіп, оның артынан өкшелеп келген Ақнұр Дүсіпова – екінші, Виктория Иванченко – үшінші орын орын иемденді. Ал, ерлер арасында Шалқар Айдынға тең келер ешкім болмады. Ол, межелі сызықты екінші және үшінші боп аттаған Есбол Толыбек пен Сергей Садриевтен оқ бойы озық келді. Барлық үздік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар және бағалы сертификаттар табыс етілді.

yis yi marafon
yis yi marafon0
Фото – Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасы

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз