Бақытты отбасы болудың құпиясы ашылды

whatsapp image 2020 10 18 at 07.47.49 1 Жаңалықтар

Atr.kz/19 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова өңірде елге үлгі болып келе жатқан өнегелі отбасыларды қабылдады.

Кездесуге шаңырақ көтергендеріне алды 60 жыл болған биыл «Гауhар той», «Алтын той» мен «Күміс тойға» жеткен үлгілі отбасылар келді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қонақтарды өткен Отбасы күнімен құттықтап, аталған мейрамның маңыздылығына тоқталды. 

– Биыл әлем үшін де, еліміз үшін сынақ көп болды. Қауіпті індетпен халық болып күресіп келеміз. Өңірімізді де осы бағытта облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бас болып іргелі жұмыстар жасалды. Десе де, отбасы мәртебесін көтеру жұмыстарын да тоқтатқан емеспіз. Қазақ халқының әрбір күні «отбасы күні» дер едім. Сөзіме өздеріңіздей үлгілі отбасылар – дәлел. Сіздердің ізгі жолдарыңызды жас ұрпақ жалғастырарына сенемін, – деген Бақытгүл Хаменова облыс басшысының арнайы сәлемін жеткізді.  

Сондай-ақ, ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілгендей ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылығын сақтауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.  

Басқосу барысында ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді өзекті  мәселелер талқыланды. Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, аталған проблеманың алдын алу үшін көптеген жұмыстар жасалуда.  

Үлгілі отбасының ұлғатты ата-әжелері шаңырақты шаттық ұясына айналдырып, бақытты да берекелі әулет құрудың құпияларын әңгімелеп берді. Үлкендер өнегелі өсиетін айта отырып, отбасылық мәселелерді қалай шешу керектігі туралы жан-жақты айтты.  

Мақат ауданынан келген «Алтын той» иесі Жамбыл Досқалиұлы жанұя жарастығы тікелей ерлі-зайыптының түсінісуі мен бір-біріне деген ерекше сыйластығына байланысты екенін атап өтті. 

Шара  соңында «Бата беру» сайысының жеңімпазы Жамбыл ата ақ батасын беріп, отбасыларға құттықтау хаты табыс етілді.

whatsapp image 2020 10 18 at 07.47.47
whatsapp image 2020 10 18 at 07.47.50 1
whatsapp image 2020 10 18 at 07.47.48
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз