Жарнама
Қоғам

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастығы – татулық пен бейбіт өмірдің көрінісі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн арасындағы кеңейтілген келіссөздер – елдер арасындағы сенімді серіктестіктің, ортақ құндылықтар мен тарихи сабақтастықтың нақты айғағы.

Біз, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары қос ел арасындағы өзара құрмет пен татулыққа негізделген диалогты қуана қолдаймыз. Президентіміз атап өткендей, Қазақстан мен Иорданияны тек саяси-экономикалық мүдде ғана емес, діндер арасындағы төзімділік, бейбітшілік пен адамгершілік қағидаттары да біріктіреді.

Елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыз – Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келеді. Иорданиямен арадағы байланыстардың тереңдеуі – еліміздегі этносаралық келісім мен дінаралық татулықты нығайтудың жарқын үлгісі.

Біз мұндай жоғары деңгейдегі сапарлар мен уағдаластықтар Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық диалогқа қосқан үлесін көрсетеді деп сенеміз.

Нұрхан БАҚЫТЖАНОВ,
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button