Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЖҰМЫСШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ КЕРЕК

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрғалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға өңірдегі жұмыс беруші ірі компаниялардың сондай-ақ жалақы мәселесінде проблемасы болған компания басшылары қатысты.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің сөзінше, 2021 жылы 83 кәсіпорында 1388 қызметкер алдында 469,3 млн. теңге жалақы бойынша берешек болған. Қабылданған шаралармен 80 кәсіпорында 1212 жұмыскердің алдындағы 447,8 млн. теңге берешек өтелді. Бүгінгі таңда 3 кәсіпорында 176 қызметкердің алдында 21,5 млн. теңге қарыз сақталып отыр. Оларды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқарма басшысы өндірістік жарақаттану мәселелеріне қатысты да тоқталып өтті. Айталық, 45 жұмысшы әр түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ, жиында бірқатар мекеме басшысына өз ұжымдарындағы ахуал туралы сауалдар қойылды.

Жиын соңында өндіріс орындарында әрбір азаматтың қауіпсіздігі басты назарда болуы керектігін айтқан аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

«Жұмысшылары алдында берешектері бар мекемелер бойынша еңбекақы берешектерінің өтелуін жылдамдатып әрі қатаң бақылауда ұстаңыздар! Барлық ірі кәсіпорындардың басшылары мердігер, қосалқы мердігер компаниялардың басшыларымен тығыз байланыста болып, жалақы төлемеуге жол бермеуді, заң бұзушылықтарды болдырмауды  бақылауда ұстауды тапсырамын» деді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button