Облыс әкімі тұрғындардың жертөле мәселесіне қатысты сауалдарына жауап берді

podval Қоғам

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Вокзал маңы ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды atr.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар облыс әкіміне ПИК жұмысын, термомодернизация, электр қуаты және аулаларды абаттандыруға қатысты сауалдарын жолдады. 26А мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындары жертөлені су басқанын бұл оларға қолайсыздық туғызып отырғанын және мұндай жағдай осы аудандағы бірнеше үйде бар екенін жеткізді.

Облыс әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдай келе, аталған ықшам аудандағы жертөленің тазалануы туралы тапсырма бергенін айтты.

– Қазіргі уақытта жертөлені тазарту, қалпына келтіру туралы тиісті органдарға тапсырма бердім. Бір рет дұрыстап, тазалап береміз. Әрі қарай қадағалау әкімдіктің ғана емес, осындағы тұрғындардың міндеті. Тұрғындар жауапты ПИК таңдап, солармен тығыз байланыста жұмыс жасауы керек. Өйткені, мұндай мәселе бірнеше үйде бар. Бір тазалап ретке келтіргеннен кейінгі жұмыстарды ПИК атқарады,- деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Н.Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз