Жарнама
Қоғам

Қарты бардың қазынасы бар

ОБЛЫС ӘКІМІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ МҰНАЙЛЫ ӨҢІРДІҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСІП, АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕРГЕ, АЙМАҚТЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ.

– Біздің тірегіміз де, мақтанышымыз да – ардагерлер. Сіздермен кездесіп, әңгімелесу – біз асыға күтетін ерекше оқиға. Үлкен істі ардақты ақсақалдың батасын алып бастауды жөн көретін халықпыз. Облыс әкімінің лауазымды қызметіне кіріскен күні өздеріңізбен кездесіп, дидарласқан едік. Сол кездесуде мұндай басқосуларды жиі ұйымдастыру туралы ұсыныстар болған. Бүгін өздеріңізді көріп, емен-жарқын әңгімелесуге мүмкіндік туды. Қазақ – қашан да қартын қазынам деп танып, үлкенін сыйлай білген халық. Содан да болар, бізде ұрпақтар сабақтастығы берік орныққан. Мұны ел Президенті Атырау облысына сапары барысында да байқап, елдегі ауызбірліктің мықтылығына жоғары баға берген. Бүгінгі кездесуге өзінің ізгілікті ісімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік қасиеттерімен елге танылған беделді ардагерлеріміз қатысып отыр. Сіздердің әрбіріңіздің Атырау өңірі үшін орындарыңыз бөлек. Кезінде еселі еңбек етіп, ел мерейін асырған сіздер зейнеткерлікке шықсаңыздар да қоғамдағы істерге белсене араласып келесіздер. Біздің аймақ бүгінде қарқынды дамып келеді. Алда да бұл істерді әрі қарай жалғастырып, жетістіктерді еселей беретін боламыз, — деген Серік Жамбылұлы бірнеше ардагерге облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Марапаттар легі мұнымен бітпеді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Райса Нұрғалиеваның, ал республикалық ардагерлер ұйымының «Құрмет белгісі» медалін мұнай саласының ардагері Смағұл Нұғымановтың кеудесіне тақты.

Кезегімен сөз алған еңбек және тыл ардагерлері облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы жолында жасалып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Шара барысында өнерпаздар өнерлерімен риза етті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button