Министр қоғамдық кеңестер жұмысын сынға алды

Kalentaev Жаңалықтар

«Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті» деген  ҚР Қоғамдық  даму министрі Дарxан Кәлетаев қоғамдық кеңестердің негізгі проблемаларын атады» деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Kalentaev

Бұдан бөлек, кеңестердің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың үлесін арттыру қажет. Бүгінде олардың саны 35 пайызды ғана құрайды. Сосын азаматтық институттардың анықтамасы тым кеңейтіп берілген. Осының салдарынан кеңестерге ардагерлер ұйымдары мен партияларды тықпалап жатады. Негізі, қоғамдық кеңестердің құрамында партия мүшелері болмауы тиіс. Бұрын мемлекеттік қызметте істеген азаматтар да көптеп келеді. Дегенмен, оның да пропорциясын сақтау керек сияқты. Әйтпесе, үкіметтік емес ұйымдардың шешімді қабылдауға қатысу деңгейі төмендей береді», – деді Қоғамдық  даму министрі Дархан Кәлетаев қоғамдық кеңестердің II республикалық мәжілісінде. Оның айтуынша, қазіргі кезде қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті.

Себебі 60 жастан асқандардың үлесі 30 проценттен артып жығылады. Гендерлік тепе-теңдік те жоқ. Ер адамдардың саны жартысынан көп. Ал, жастардың үлесі 5-ақ пайызды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны сақталмайды. Мемлекеттік органдар кеңестің құрамын өз бетінше жасақтай береді. Ондайда аймақтың демографиялық жағдайы да ескерілмейді. Мәселен, Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда ең көп қоғамдық кеңестер тіркелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз