Пенчак Силат – жауынгерлік спорт

img 20210328 wa0068 Қоғам

Басқа спорт түрлерінен ерекше, Пенчак Силат жауынгерлік спорт өнері біздің еліміздеде дамып, спортшыларымыз жақсы жетістіктерге жетуде. 

2017 жылы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті ҚР «Pencak Silat» қауымдастығының президенті Гаджи Гаджиевке,  Пенчак Силат атты жауынгерлік спорт өнердің жаңа түрін мойындау туралы сертификат табыстаған болатын. Содан бері бұл спорт түрін еліміздің әр облысында дамыту көзделді. 2019 жылы Атырау облысы Пенчак Силат Федерациясы құрылып өз жұмысын бастаған болатын.
2021 жылдың 25-30 наурыз аралығында Пенчак Силат бойынша Қазақстан Республикасының 3 – ші Чемпионаты өткен болатын.

Чемпионатқа Малайзия елінің өкілдері, төрешілер және Малайзия құрама командасы соның ішінде Пенчак Силат спорт өнерінің 4 Әлем Чемпионы келген болатын. Еліміздің 11 облысынан спортшылар бақ сынасты. Әдеттегідей, Атыраулық спортшылар өз есесін жібермеді. Бұл жолы Атырау командасы 7алтын, 2 күміс, 4 қола медаль қанжығалады. Чемпионаттың ашылу салтанатында Чемпиондарымыз Малайзия спортшыларымен бақ сынасты.
Чемпиондар арасында Аубекеров Алмат, Нұрлыбекұлы Айбек екі дүркін Қазақстан Чемпионы атанды.

img 20210328 wa0063
img 20210329 wa0025
img 20210328 wa0071
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз