Жарнама
Қоғам

«ПАРЫЗ-2022» Бас жүлдесі – NCOC-та!

ЖЫЛ САЙЫН ЕЛІМІЗДЕ БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА «ПАРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ. ЖУЫРДА ЕЛОРДАДА ӨТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕН АҚЖОЛТАЙ ХАБАР ЖЕТТІ. ӨҢІРДЕГІ NCOC КОМПАНИЯСЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ. МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТТЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОМПАНИЯНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ОЛИВЬЕ ЛАЗАРҒА ТАБЫС ЕТТІ.

Үздіктер ұлықталған сәт

Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік нысандарының қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған байқау 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл конкурста бақ сынауға 500-ге жуық компания өтінім берген. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының арасынан Ақмола облысының «Шуйское-ХХІ» ЖШС үздік болып танылды.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік нысандары арасында Ақтөбе облысының «Қазхром ТҰК» АҚ, Шығыс Қазақстан облысының «Шығыстүстімет» ЖШС және Қызылорда облысының «Жаңажол» ЖШС компаниялары лауреат атанды. Шағын және орта бизнес арасынан жеңімпаздар қатарында Қарағанды облысының «Коунрад» мыс компаниясы» ЖШС, Ақмола облысының «Мәдениет» ЖШС және Шығыс Қазақстан облысының «Виситаев» ШҚ бар. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында Батыс Қазақстан облысының «Қазбургаз» АҚ, Қызылорда облысының «Торғай-Петролеум» АҚ және Астана қаласының «Центрказэнергомонтаж» АҚ лауреат атанды. Ал, Солтүстік Қазақстан облысының «Акселеу» ЖШС, Шымкент қаласының «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС және Алматы қаласының «Өндірістік технологиялық жинақтау басқармасы» АҚ жеңімпаз атанды.

letniaia эkologicheskaia shkola

«Үздік ұжымдық шарт» бойынша Түркістан облысының «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, Ақмола облысының «Қазақалтын» ЖШС және Атырау облысының «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС лауреат деп танылды. Маңғыстау облысының «CASPI Bitum» БК» ЖШС, Батыс Қазақстан облысының «Czech Camp» ЖШС және Жамбыл облысының «СК Достық К» ЖШС де осындай атақпен марапатқа ие болды. «Экологияға қосқан үлесі үшін» Солтүстік Қазақстан облысының «Радуга» ЖШС, Қарағанды облысының «Шұбаркөл көмір» АҚ және Батыс Қазақстан облысының «Жайықмұнай» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді. Шымкент қаласының «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, Қызылорда облысының «Номад Солар» ЖШС және Қарағанды облысының «Рапид» фирмасы ЖШС лауреат атанды. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын мұнайлы өлкедегі «Теңізшевройл» ЖШС мен Солтүстік Қазақстан облысының «Мамбетов және компания» СС иеленді. Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен арнайы статуэткалар табыс етілді. Сондай-ақ, лауреаттарға конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақты алған күннен бастап үш жыл ішінде пайдалану құқығы беріледі.

snd dsf0104

Әлеуметтік жобаларға – 900 млн. АҚШ доллары

Ал, ірі кәсіпорындар арасында Бас жүлдені NCOC компаниясы жеңіп алды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, байқаудың «алтын» статуэткасы корпоративтік, әлеуметтік жауапкершілік бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген компанияларға ғана беріледі. Бұл марапат кәсіпорынның жыл бойы жүзеге асқан инфрақұрылым, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен қайырымдылық, демеушілік бағыттағы шараларына лайықты баға десек қателеспейміз. Басты сыйлық пен дипломды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазарға табыстады.

– Мен және NCOC командасы үшін бұл марапат біздің компанияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау болып табылады. NCOC ел экономикасының, жергілікті бизнес пен қоғамның дамуына зор үлес қосып келеді. Біз қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайлары мен үздіксіз даму мүмкіндіктерін жасауға баса назар аударамыз. Сондай-ақ, Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар әлеуметтік нысан салдық. Бірлескен жобаларымыз арқылы жергілікті қауымдастықтарға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеміз. 1998 жылдан бері біз әлеуметтік жобаларға шамамен 900 миллион доллар жұмсадық. Шын мәнінде, бұл үлкен жетістік – әлеуметтік маңызы бар жобалар үшін миллиард долларға жуық қаржы бөлініпті. Мемлекет басшысы мен ел Үкіметіне, Атырау облысының әкімдігіне келесі жылы 30 жылға толатын Солтүстік Каспий жобасындағы ұзақ мерзімді серіктестігімізді құрметтеп, жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамын. Біз әрі қарай да осы бағыттағы жұмыстарымыз жалғаса береді деп сенемін, — деді NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар.

Тек өткен жылдың өзінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандары, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен инфрақұрылымдық нысандарды салуға 67 млн. АҚШ долларын құраған. Отыз жылға жуық уақыт ішінде 226 әлеуметтік жоба іске асырылған.

sip dsf0400 ha

«Кең болсаң, кем болмайсың»

«Жамандықты көп қуған, бір бәлеге жолығар, жақсылықты көп қуған, бақ дәулетке молығар», демекші, компания қайырымдылық пен демеушілікке айрықша назар аударып келеді. Жыл сайын кәсіпорын осы мақсатқа Атырау мен Маңғыстау облыстарына жалпы 1,5 млн. АҚШ долларын бөліп отырады екен. Әсіресе, басты байлық – денсаулық, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылыққа басым бағыт берілген. Айталық, Атырау өңірінің өзінде екі жыл бұрын 19, былтыр 21 жоба іске асты. 1998 жылдан бергі кезеңде инвестициялардың жалпы сомасы 25,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ал, 1998-2021 жылдар аралығында NCOC компаниясы мұнай-газ саласы бойынша оқып жатқан 4333 студентке демеушілік көмек көрсеткен. Естеріңізде болса, компания былтыр Мақат ауданындағы балалар мен жасөспірімдер клубында заманауи STEM зертханасын ашты. 5–11 сынып оқушылары мұнда инженерлік іс, бағдарламалау, робототехника және 3D модельдеу сияқты негізгі академиялық пәндер бойынша білім ала алады. Сондай-ақ, компания клубтың екі мұғалімі үшін STEM зертханасын пайдалану бойынша екі апталық оқыту ұйымдастырды. 2020 жылы компания Доссордағы О.Сарғұнанов атындағы мектепке де осындай STEM зертханасын ұсынған болатын.

NCOC компаниясының тағы бір демеушілік көмегі – Мақат ауданының күндізгі ЕДШ бөлімінің кабинеттері үшін психоневрологиялық ауытқулары және қимыл-тірек аппараты аурулары бар 8 баланы оңалтуға арнайы жабдықтарды сатып алуға жәрдем. Күндізгі бөлім өткен жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Күндізгі топтар күндізгі стационар типі бойынша жұмыс істейді, сонымен қатар, қатысушылар үшін үйден әлеуметтік қызмет көрсету мекемесіне дейін жеткізу ұйымдастырылған. Тасымалдау қызметі де NCOC компаниясы мүгедектер қауымдастығының жергілікті бөлімшесіне тапсырған 2 инватакси көмегі арқылы жүзеге асады. Бұл бөлімше «Әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағдарлама» бойынша салынған жалпы ауданы 382 шаршы метрді құрайтын «Қарлығаш» балабақшасының 2 қабатты ғимаратында орналасқан.

letniaia эkologicheskaia shkola2

ТҮЙІН

ИӘ, ТІЗБЕКТЕЙ БЕРСЕК, КОМПАНИЯНЫҢ АТЫРАУ МЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ. ДЕМЕУШІЛІК ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ҚОСПАҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ МЕКТЕП, БАЛАБАҚША СЕКІЛДІ МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІН ЖҰРТШЫЛЫҚ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН КӨРІП КЕЛЕДІ. АЛ, «ПАРЫЗДЫҢ» БАС ЖҮЛДЕСІ ОСЫНАУ ЖАҚСЫ ІСКЕ БЕРІЛГЕН ЛАЙЫҚТЫ БАҒА ДЕП БІЛЕМІЗ.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button