ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Атырауда жол апатынан үш адам көз жұмды

Atr.kz/20 қаңтар, 2020 жыл.  Атырау маңында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз – қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Атырау – Астрахан трассасында орын алған.

19 қаңтар күні кешкісін Атырау маңындағы Астраханмен байланыстыратын тасжолда Lada ВАЗ-2114 көлігі мен  DAW жүк көлігі соқтығысқан. Өкініштісі, оқиға орнында үш адам (екі ер, бір әйел адам) көз жұмды. Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қаза болғандар 1978, 1981 және 1998 жылы туғандар.

 «ВАЗ-2114» жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» деп нақтылады жергілікті полиция департаментіндегілер.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-oryn-al%D2%93an-zhol-apatyn-prokuror-tikelej-ba%D2%9Bylauyna-aldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button