Жарнама
Қоғам

Он жетісінде от кешкен…

 Кең Жылыой топырағында туып-өскен Әбдіғали Құрманғазиев 1942 жылы майданға аттанған. Мектеп қабырғасынан математика сабағына зеректігі арқасында шығар, аз ғана күндік курстан өтіп, бірден «соғыс құдайы» деп дәріптелген артиллеристік-гаубицалы жойқын зеңбіректің көздеуші-атқышы болып тағайындалады.

   Әбекең Калининград, Витебск, Великие Луки, Рязань, Тула, Бежица, Брянск, Орловск, Воронеж, Смоленск сияқты Берлинге дейінгі тағы басқа көп қалаларды азат етуге қатысқан. Отан соғысында шешуші рөл атқарған Орел-Курск доғасындағы, кейін, 1943 жылдың қыркүйек айында Больва мен Десна өзендері бойындағы өте ауыр шайқастарды басынан өткізген. «1944 жылғы 28 маусымда Могилев облысының Быхов қаласын азат етіп, Днепрдегі жаудың мықты бекінісін құрттық. Осы жерде мен аяғымнан қатты жарақат алдым, госпитальға барудан бас тарттым» депті қалдырған жазбасында. Жас жігіт ет қызуымен алған ауыр жарақатына да қарамай соғыса берген. Оны байқап қалған полк командирі ағамызға: «Дереу госпитальға бар!» деп бұйырады. «Жолдас командир, ұрыста қалуға рұқсат етіңіз! Менің жарам осы жерде, қанды көйлек жолдастарымның қасында, майданда тезірек жазылады», — деп өтініп сұрап, бармай қалған. Сөйтіп, ұрысты ауыр жарақатымен жалғастыра берген. Кейін уақытында емделмеген жарақаты ІІ дәрежелі мүгедектікке ұшыратқан. Осы шайқастардағы ерлігі үшін 1944 жылғы 28 маусымда Бас қолбасшы И.В.Сталиннің «Быховты азат еткені үшін және Днепрді ұрыспен алғаны үшін» Алғыс хаттарын алған.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button