Жарнама
Қоғам

ОЛАР ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕДІ

 

Бұл авторларымыздың екеуі де көтеретін мәселесіне қатысты ширек ғасыр бойы редакциямен байланыс жасады. А.Салықова ашық мінезді болса, Т.Ищанов салмақты кісі еді. Жасы сексенге иек артса да, қолынан қаламын тастамаған Алма апа: «Жазбасам, отыра алмаймын. Тағы екі-үш мақаламды баламнан беріп жіберіп отырмын…» — десе, Төкең: «Оқырмандар сауалы тіпті көп екен. Бүгін тек жартысына жауап қайтардым. Келесіде қалғанын жіберемін…» — дейтін. Шынында да, олар бір-бірінен қалыспай, газет көтеріп отырған тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын қосып, сол бағытта тұшымды мақалалар жазып тұрды. Әсіресе, көпшілік, соның ішінде зейнет жасындағы адамдар Төкеңнің жазған түсіндірме мақалаларын іздеп жүріп оқитын. Тіпті сол күнгі газетті қолдарына ұстаған күйі үлкендер зейнетақысына қосымшаны өздері есептеп шығаратын болған. Аулаларында бас қосып қалатын олар газеттегі мақалаларды өзара талқылап, өзіндік ой-пікірлерін де білдіретін.
Өнегелі өмір сүрген бұл авторларымыз арттарына өздері жазған мақала, кітапшалармен бірге жан сүйінер ұрпақ — үлгілі ұл-қыз бен сүйкімді немере-жиен қалдырып кетті.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button