Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн форматта қабылдады

whatsapp image 2020 06 11 at 13.51.03 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/12 маусым, 2020 жыл. Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды.

Өңір тұрғындары тарапынан көтерілген бұл мәселелердің шешімі жіті қадағаланатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді қала мен аудан әкімдеріне және тиісті басқармаларға жүктеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мәселелердің шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Кез-келген тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Сондақтан халықты толғандыратын барлық мәселелер бақылауымызда, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

whatsapp image 2020 06 11 at 13.51.04 1
whatsapp image 2020 06 11 at 13.51.04 2
whatsapp image 2020 06 11 at 13.51.03 3
whatsapp image 2020 06 11 at 13.51.03 2 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз