Өтініштер аяқсыз қалмайды
Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәлімет белгілі болды.
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» жүйесі арқылы 17283 өтініш келіп түсті.
Бұл ретте, қарау нәтижелері бойынша 17086 (98,86) өтініш орындалды, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 9931 (58,1%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 2844 (16,6%) қабылданды.
Салалары бойынша: ауыл шаруашылығы – 8297, құрылыс, транспорт, өнеркәсіп тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 3984, жұмыспен қамту – 1157, адам құқықтары – 891, білім – 689, денсаулық – 291, қаржы мәселелері – 581, мәдениет – 265, көші-қон мәселелері – 300, мемлекеттік басқару – 152, табиғат, жер, су ресурстарын пайдалану – 113, БАҚ, байланыс цифрландыру – 87, төтенше жағдайлар – 24, да мәселелер бойынша – 452.
Есепті кезеңде облыс бойынша 1790 азамат жеке қабылданды (оның ішінде , облыс әкімімен 305 азамат қабылданды), оның ішінде 854 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 936 азаматттардың мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі апта сайын жұма күндері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке қабылдау және телефон арқылы кеңес береді (88 азамат жеке қабылданып, 228 азамат телефон арқылы кеңес алды).
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1223 азамат өтініш білдірді.Олардың: тұрғын үй — 300, денсаулық -132, әлеуметтік көмек — 49, білім -72, жұмыспен қамту-86, жерді пайдалану-67, жол салу-19, кәсіпкерлік-44, құрылыс-12, мәдениет-11, ауыл шаруашылығы-14, қаржы-7, тағы да басқа мәселелер бойынша – 410. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.
Фронт-кеңсеге жүгінген азаматтардың өтініштерін жедел және тиімді қарау мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасалған меморандум аясында 121 азаматқа заң кеңестері берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау Жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.