Имамдарға құрмет көрсетілді

00059 8 Жаңалықтар

«Мәңгілік ел» идеясын нығайтуда және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттауда қосқан үлесі үшін, дін саласының бір топ қызметкері облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

00059-8

Ислам құндылықтарын насихаттаудағы еңбегі еленгендердің қатарында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау қалалық «Құспан молда» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов және Жылыой, Мақат, Махамбет аудандық мешіттерінің бас имамдары да бар.

00059-4

Айта кеткен жөн, мүфтиятқа қарасты мешіт имамдары жат ағымдармен күрес мәселесінде нақты нәтижелерге жұмыс жасауда. Жат ағымның жетегінде кеткен азаматтармен биыл 200-ге жуық жеке кездесу өткізіп, 20 адам дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына оралған.

00059-5

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз