Жарнама
Қоғам

Мұң болған мүгедектік арбасы 

Атырау қаласының тұрғыны Есболат Балбаевтың мүгедектер арбасына таңылғанына көп жыл болды. Қоғамдық орындарда кезігетін кедергілерді айтпағанның өзінде арбаның өзін тоқтатпай қозғалысқа келтірудің  өзі бөлек проблема. 

Арнайы портал арқылы мемлекет тарапынан берілгенімен оның «подушкасы», «чехолы» секілді қажетті қосымша құралдарын мүмкіндігі шектеулі жандар өз қалтасынан сатып алады.  Тіпті, бір шайбасы түсіп қалса, оны табу өте қиын. Ал онсыз арба жүрмейді.. Жақында Есболаттың арбасының дөңгелегі жарылып, амалсыздан спорттық велосипедтің камерасын салуға мәжбүр болған. Өйткені мүгедектер кресло-арбасы бұзылса, қосалқы заттарын іздеп баратын арнайы сауда орны да, оны жөндейтін орталық та, арнайы  маман да жоқ. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың автокөлік жүргізушілерімен бірге қосалқы бөлшектер сататын дүкендер мен көлік жөндеу орталықтарын жағалап жүруіне тура келеді.

Міне, осы  және басқа да мәселелер облыс әкімінің мүгедектердің істері жөніндегі кеңесшісі Жаннат Есмағамбетованың қатысуымен Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінде өткен басқосуда талқыланды. Оған бір топ мүмкіндігі шектеулі жандар, астаналық «Dos-ortopedia» компаниясының бренд менеджері Төремұрат Төлегенов, медициналық әлеуметтік сараптама орталығының өкілі Гүлшат Жұмағалиева, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Анар Жеңісовалар да қатысты. 

Төремұрат Әділжанұлының айтуынша, «Dos-ortopedia» — «ДОС» «Независимая  жизнь» орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің негізінде 2006 жылы құрылып, жұмыс жасап келе жатқан компания. Осыған дейін Ақтау мен Қызылорда қалаларында өз филиалын ашқан ол мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда еркін қозғалуына қолайлы жағдай туғызатын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бренд менеджердің айтуынша,  Атырау қаласына келгендігі мақсаты: мұнайлы астанадағы мүгедектік арбаға таңылған жандардың негізгі проблемасын білу, соған сай ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Сол арқылы өздері жеткізетін тауарларының сапасын арттыруды көздейтін компания алға қарай Атыраудан өз филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып көрмек.  

Мүмкіндігі шектеулі жандар Е. Балбаев, Н. Шакиев, Я. Кабакова және басқалардың сөзінен қазіргі мүгедектер арбасының жиі бұзылатыны, қажетті қосымша құралдарды демеуші іздеп сатып алуына тура келетіні белгілі болды. Өйткені көпшілігі өте қымбат.  Мәселен, ауа реттеп тұратын «подушкасының» өзі 80-90 мың теңге тұрады. Сондықтан  осы және басқа да мәселер ескеріліп, алға қарай мұндай құралдары толық комплектісімен берілсе, ал кресло-арбаны жөндейтін мамандарды мүмкіндігі шектеулі жандардың өз арасынан оқытып алсақ деген ұсыныстарын ортаға салды.  

Жиналысты бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Анар Жеңісқызы қорытындылады.

Е.Қошақанов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button