
Махамбет ауданында жастар форумы өтті
Шілденің 30-ы күні Махамбет ауданының Сарайшық ауылында «Розметов» шаруа қожалығы ЖШС-нің демалыс алаңында «Ассамблея жастарының «Open air» үлгісіндегі жастар форумы өтті.
Форумның тақырыбы – жастарды еңбекке баулу, ауылшаруашылығы саласына қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру болды.
Жастар форумына облыс жастарымен бірге Жастар ресурс орталығы мен «Аманат» партиясының мүшелерінен құралған барлығы 30-дан астам жуық еркін ойлы, белсенді жас қатысты. Әсем табиғат аясында бас қосқан көшбасшылар алдымен өз жетістіктерімен бөлісті.

Қатысушылар шаруа қожалығына жасаған экскурсияда ешкі фермасында ешкі сүтінен жасалған өнімдерден, алма мен лимон бақтарын аралап, дәмі тіл үйірер алма балшырынынан дәм татты.

Демалыс алаңында жастар викториналық сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздар естелік сыйлықтарға болды. Ал, Атырау облысы ҚХА өкілі Ләззат Кеңесқызы форумға қатысқан белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттап, ризашылығын білдірді.
Еркін форматта өткен форум қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.