Жарнама
Қоғам

Мүгедекті демейтін көмекші құралдар қандай?

Редакциямызға хат жолдап немесе телефон арқылы хабарласып, мүгедек жандарға қандай техникалық құралдар берілетінін, олардың пайдалану мерзімінің ұзақтығы туралы сұраушылар аз емес. Соған орай біз облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиевадан осы мәселе жөнінде кеңірек айтып беруін өтіндік.

— Алдымен, мүгедектерге тиісті техникалық көмекші құралдардың түрлерін атап өтсеңіз.

— ҚР Yкiметiнiң 20.07.2005 жылғы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы қаулысымен мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілді. Атап айтатын болсақ, олар:

¨ Сурдотехникалық құралдар – есту кемістіктерін түзетуге және олардың орнын толтыруға арналған байланыс құралдары мен ақпарат беруді күшейтетін техникалық құралдар;

¨ Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылды жүйелер, телефакстер, мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар, саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар, кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары. Оларды ауыстыру мерзімдері 5 жыл, есту аппараттары ҰОС-на қатысушыларға пайдалану мерзімдері – 3 жыл, мүгедектер үшін – 4 жыл.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button