Нұрсая тұрғындары үйлерінен шығарылды…

screenshot 20220613 231209 Қоғам

Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады.

13 маусым күні сағат 17:54 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының автопатрульдеу бекетінің қызметкерлері полиция капитаны Нуржан Хадимов және полиция лейтенанты Қуаныш Әбдеш және №14 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Рүстем Жұмабаев, полиция аға лейтенанты Махамбет Уапов Нұрсая мөлтек ауданындағы №63 үйден түтін шығып жатқандығын байқады.

Оқиға орнына бірінші жеткен учаскелік полицейлер көк түтін ішінен 15-ке жуық адамды эвакуациялаған.

  • – Көк түтіннен қорғану үшін қызметтік жейдемізді оранып, өрт арасында ешкім қалмасын деп тұрғындарды сыртқа қарай алып шықтық. Балалар немесе егде жастағы қарт кісілер қалып қоймасын деп түгел тексеріп шықтық,- дейді учаскелік полиция инспекторы Рүстем Жұмабаев.

Аталған мекен-жайды көре салысымен дереу жеткен кезде 3-5 қабаты аралығында қою түтін шығып, 3 қабаттан өрт шыққанын анықтаған. Аталған үй тұрғындарымен бірлесіп пәтер тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ.

Оқиға орнына телеарна журналистері де келіп сұхбат алып жатты. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Бастысы барлық тұрғындар аман, зардап шеккен жоқ. Қою түтінді көрген бойда көмектің қажет екенін сезіп, тек құтқаруға кірістік, себебі өрт күшейсе кеш болатын еді – дейді, тәртіп сақшылары.
Жанерке Нұрғуатова,
Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз