Жарнама
Қоғам

МҮГЕДЕКТЕР МҰҢАЙМАСА ЕКЕН…

 

Мәселен, көше бойларында мүгедек жандарға арналған ескерту белгілері өте сирек немесе кейбір жерлерге мүлде орнатылмаған. Жаңадан пайда болған көшелерден де мұндай белгілерді кездестіре алмайсыз. Тым болмағанда, дәріханалар мен пошта жолының бойынан оларға арналған дұрыс жолды бағыттайтын арнайы белгілер қажет-ақ. Бұл жұмыстарға қомақты қаржы қарастырылғаны қанша мәрте айтылып жүрсе де, атқарылған іс көзге көрінер емес. Сондай-ақ, мәдениет орындары мен азаматтар жиі баратын мекемелер алдымен мүгедек жандар үшін қолайлы болғаны дұрыс.

Бұл мәселелер алқалы жиындарда бұған дейін де бірнеше мәрте айтылды және оған көңіл бөлу қажеттілігі тиісті мекемелерге әлденеше рет ескертілген болатын. Мүгедек жанның қолтығынан демеп, олардың өмір сүруге деген құштарлығын ояту, қоғам дамуынан кеш қалмай, ілгері жүруіне жағдай жасау дені сау адамдардың басты борышы саналады. Олай болса, біздер бұл мәселеге неге әлі де атүсті қараймыз?

Аталған проблемаға құзырлы органдар жауапкершілікпен қарап, олқылықтың орны толса, бүгінде облысымызда өмір сүретін 18 700-дей мүгедек жанның жолы кеңіп, көп нәрсеге қолы еркін жетер ме еді?!

Манап АБДРАХИМОВ,

Атырау облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button