Мүдделер қақтығысы қайда апарады?
– Сізбенкезектісұхбатымыздыбүгінгікүнніңөзектімәселесі – ТаяуШығыстақырыбына, соныңішіндегі «Исламмемлекеті», яғниДАИШұйымыныңіс—әрекетінеарнамақниеттеміз…
– Қазіргі соғыстар – мүдделер қақтығысының шегінен шыққан шақтағы қасіреттің салдары. Оларға себеп болған ортақ тін – геосаяси мүдде. Ол әр кезеңде, әр өлкеде әртүрлі желеумен көрініс тауып отыр. Оның субъектілері – кейде мемлекеттер, кейде ықпалды жеке тұлғалар болып келеді.
Енді «Сириядағы жағдайды Таяу Шығыстың жеке мәселесі емес» деп санайтын тұжырымымызға келейік. Таяу Шығыс мемлекеттерінің ғасырлар бойы Еуропаның отары болып келгені белгілі. Сол саясаттың салдары өткен ғасырдың өн бойында Таяу Шығысты азаматтық соғыстың, азаттық күрестерінің ордасы етті. Бірде қосылып, бірде ірге бөлісіп, сан салалы тағдырды бастан кешкен Таяу Шығыс елдері дербес мемлекеттерге айналып, ғасыр соңында тыншығандай хал орнағаны мәлім. Бірақ, ширығып алған саяси сананы ішкі тұрақтылыққа сына қағушы күштер жаңа арнамен жарып шығуға арандатты. Бұл жолғы мүдделер қақтығысына құрал болған лайықты форма – дін атын жамылған радикалдану құбылысы еді. ДАИШ – осы бағыттағы үдерістердің ащы сабақтарының бірі.
Айнұр ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ,
Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты: