Атыраулық оқушылар әскери дайындықтан өтті (+ФОТО)

IMG 3122 Жаңалықтар

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Әскери қызметшілер қазақстандық оқушылар мен студенттерді әскери істің қыр-сынына үйретуде.

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе гарнизондарының әскери қызметшілері өңірдегі жалпы білім беру оқу орындары мен колледж студенттеріне алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиының өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты бозбалаларды еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту, жасөспірімдердің әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін қажет практикалық машықтықты жинақтау болды.

IMG 3147
IMG 3094

Аталмыш жиынды ұйымдастыру мақсатында, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәжірибелі офицерлері мен нұсқаушы-сержанттары жұмылдырылды. Олар оқу взводтарының жетекшілері болып тағайындалып, қысқа уақыт аралығында әскери тәртіп пен ұқыптылыққа бейімдеуге бар ынталарын жұмсады.

Жиынға барлығы 10000-ға жуық оқушылар мен студенттер тартылды. Далалық сабақтар барысында оқушылар әскери қызметтің ерекшелігі және әскери қызметшілердің міндеттерімен танысып, тактикалық дайындықтың, жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерінің, саптық дайындық негіздерінің, қаруды жинап-шашудың, оқ атудың амалдары мен қағидаларының қыр-сырын зерделеді. Сондай-ақ, әскери әндерді орындай отырып, әскери-саптық көрсетпелі көрсетілімдерге белсене қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша өздерінің шеберліктері, үйлесімділіктері, керемет дайындықтарымен көзге түскен оқушылар грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметкері, капитан

IMG 3137
IMG 3096
IMG 3101
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз