АТЫРАУЛЫҚТАР – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Қоғам

 Ал, ақтық сында қарсыласқа жол беріп, күміс жүлдегер атанған Ерсін Сиғуатов (48 келі), Ермек Ахметов (56 келі), Алтынбек Зинолла (81 келі) Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатында бақтарын сынамақшы.  

№1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Қайырберді Айдынбай (48 келі) мен Қанат Ыстыбай (52 келі) облыс қоржынына қола медаль салған болатын. «Ұстаз еңбегі шәкіртпен бағаланады» демекші, осы орайда жаттықтырушылар Қайрат Досқалиев, Бисембай Қошқаров, Мейіржан Есмағанбетов, Асхат Жұмабеков, Жандос Иманбаев, Ербол Төлеген, Құныскерей Табынбаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. 

Чемпионат қорытындысымен жалпыкомандалық есепте Атырау облысының спортшылары алматылық палуандардан кейін екінші орынды жеңіп алды. Ал, үшінші орында – көршілес батысқазақстандықтар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған