Өлең – сөздің патшасы

ner2 Мәдениет

Туған өлкем

20170824041749

Қасиеттім, қастерлім – Алтын ордам.

Дәл өзіңдей кезікпес маған қорған.

Тоқсан жылда түрленіп дами түстің,

Шайқалмасын, шырайлы шаттық ортаң.

Мақтанайын сенде өскен ұлан болып,

Сен арқылы жетілдім қыран болып.

Қырағылық, қайсарлық табанымнан

Берілген ғой құмыңнан тұмар болып.

Жеті бірдей желкенді ауылың бар,

Халық деген құрамың, қауымың бар.

Жарты әлемнің жанарын тамсандырған

Көк теңіз бен құм Нарын шағылың бар.

Дертке дауа сен жатқан табиғатың.

Жырламасын қалайша тілсіз ақын.

Сенде туған Сәт баба ұрпақтары

Сенде туған Хамит пен Фариза ақын.

Төрт түліктің тірлігіне қолайлы,

Жайылым жер, жатқан жерің шұрайлы.

Аққу-қазын айдынына қондырған

Шағын көлдер шабыт берер, шырайлы.

Қара алтынның кені бар елден ада,

Жұмыр жердің астында жатқан дара.

Жер жүзінде санаулы байлық болса,

Сол байлықтың бөлшегі сенде ғана.

  Айзада СЕРІКОВА.

 Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз