ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛЫНА ЖОЛ АШЫЛДЫ

Елордамыздағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау салтанаты ел өміріндегі ерекше оқиға болды. Онда Елбасы «XXI ғасыр – бірлік пен достықтың қуатымен озатын ғасыр» деп атап айтып,  алда атқарылатын бес реформаны айқындап берді. 

Бейбітшілік пен келісімге, татулық пен тұрақтылыққа тәу етіп, тәубе ету керектігін еске салған Елбасымыз, осы құндылықтарымыздың қадірін түсіну арқылы «Мәңгілік Ел» мақсатына қол жеткізетінімізді айтты.

Қандай қиын кезеңдерде де ел сенімін арқалаған Елбасымыз ең алдымен елдің біртұтастығын, татулығын ойлап келеді. Қалың бұқараның қолдауымен қайтадан Мемлекет басшысы болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа ғасырда достықтың күші басым болатынын тектен-тек айтып отырған жоқ. Себебі, ақпарат көздерінен естіп-біліп жүргеніміздей қазір алмағайып заман, қай тұстан, қай жерден қатер төнетінін ешкім алдын ала болжай алмайды. Ал, бірлігі бүтін ел ғана  тосыннан тап болған қиындыққа төтеп бере алады. 

 «Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз, дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ басамыз. Бес халықтық реформаны табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз», – деді Елбасымыз. Бұл сөз жоқ, біздің келешекке деген сенімімізді нығайта түседі.

Зелімхан ЗУБАРИЕВ, Атырау облысындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз