Әр азаматтың пікірі маңызды

210204122334841e Қоғам

2020 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы мен азаматтарды жеке қабылдау мәліметтерін ұсынамыз.

2020 жылы Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 37 057 жазбаша өтініш түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан – 29 614, заңды тұлғалардан – 7 443 өтініш, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4 %-ға артық (35 840 өтініш).

ЖАО-ға келіп түскен өтініштердің, оның ішінде фронт-кеңсеге жүгінген азаматтарды қабылдау бойынша талдау облыс тұрғындарын мазалайтын аса жіті мәселелер мен сұрақтарды айқындауға мүмкіндік береді:

– әлеуметтік сала (негізінен тұрғын үй беру, жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету, проблемалы несиелерді қайта қаржыландыру, жұмысқа орналастыру, білім беру, денсаулық сақтау және т.б) – 8456;

– жол құрылысы, сумен қамту, тұрғын үй – коммуналдық саланың проблемалық мәселелері және т.б – 4205;

–  жер телімдерін беру және жер даулары – 17085.

Сондай-ақ, төтенше жағдай мен карантин режиміндегі коронавирус инфекциясымен байланысты мәселелер.

Есепті кезең ішінде өңірлер бөлінісінде Атырау қаласында тұрып жатқан азаматтар әдеттегідей жоғары белсенділік танытты – 27 257 (73,5%), аудандардан – 9800 азамат.

8020 өтініш оң шешілді,оның ішіндежер мәселесі бойынша – 3 893 өтініш, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 701, әлеуметтік көмек көрсету – 567, еңбек қатынастары – 616, азаматтық хал актілері, қамқоршылық тағайындау – 516, төтенше жағдай бойынша (пандемияға байланысты) – 412, кәсіпкерлікті қолдау – 367,денсаулық сақтау – 195, ауыл шаруашылығы – 156, білім беру – 220, құрылыс – 207,  жұмысқа орналастыру – 73, қаржы және жекешелендіру – 55,  мәдениет және спорт – 19, басқа да мәселелер – 23.

29 037 өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктеме берілді.

Сонымен қатар 2020 жылы жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы 9 өтініш түсіп, 4 өтініш ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолданды, 5 өтініш бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес түсінік берілді.

Бұдан басқа барлық деңгейдегі әкімдермен жеке мәселелері бойынша 1948 азамат қабылданды, қабылдау нәтижелерімен 307 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 1641 азаматқа қабылдау үстінде заңнама шеңберінде түсінік берілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша және барынша қолжетімдік пен ашықтықты және жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай мен коммуналдық шаруашылықтың өзекті мәселелері бойынша тұрғындармен жұмыс жасайтын «109» (операторлар саны – 24) және  «102» (операторлар саны – 17) жедел байланыс call-орталықтарының жұмысы ұйымдастырылды.

2020 жылдың есепті кезеңі ішінде «109» бірыңғай байланыс орталығына 422 718 қоңырау түсіп, тиісті қызметтер көрсетілді (коммуналдық мәселелер бойынша – 124100, карантиндік шаралары бойынша – 226 130, әлеуметтік көмек жөнінде –  72 488).

Бұл аппаратты трансформациялау мен халыққа қызмет көрсетудің жайлылығын арттырудағы үлкен қадам, осы бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.

Осылайша 2021 жылдың наурыз айынан бастап Атырау облысында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және олардың өтініштерімен жұмыс бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы қолданысқа енгізілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз