Жарнама
Қоғам

КЕЛЕШЕК КІЛТІ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

 

Мен – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға  алынған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған мыңдаған қазақстандық жастардың бірімін. Менің шетелде білім алуыма екі нәрсе себеп болды.

Біріншіден, Елбасымыз Индустрияландыру бағдарламасын ұсынып, оған отандық мамандардың кеңінен қатысуын үндеді. Расында да, елімізде әлемдік талаптарға сай өнімдер шығаратын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен тереземіз тең түсетін дәрежеге ұмтылсақ, оған жастар да үлес қосуы қажет емес пе?

Екіншіден, Мемлекет басшысы геология саласын сауықтыруды, жаңа кен орындарын көптеп ашуды тапсырды. Қазақстан – көмірсутегі шикізатына бай ел. Теңіз кеніші, Қашаған кен орны, тағы басқа мұнай-газ саласына қатысты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Тұңғыш рет Каспий теңізіне бұрғы салдық. Соның бәрі мол білімді, терең тәлімді қажет етеді.

Сондықтан, Атырау мұнай және газ институтын тәмамдап, Теңіз кенішінде жұмыс жасап жүрген мен енді шетелде білім алуға ұмтылдым. Бұған Елбасы сөзі серпін берді. Сөйтіп, «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Лондон империялық колледжінде мұнай геологиясы мамандығының магистрі атандым. Алған білімімді туған Қазақстанымды көркейту үшін жұмсамақпын.

Қазір Атыраудағы «Сәтбаев Оперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас геологпын. Елімізде Индустриялық даму бағдарламасы қарқын алды. Демек, біз секілді заманауи білім алған жас мамандардың өздерін көрсететін кезі келді. Сайып келгенде, келешек кілті – біздің қолымызда.

Асылжан ДӘУЛЕТОВ,

«Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС бас геологі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button