Қоғам
ҚАЗАҒЫМНЫҢ ФАРИЗАСЫ…
Фаризажан, Фариза қыз,
Ортамызда жүруші ең.
Кейде шалқып, кейде толқып,
Көңіл-күйін төгуші ең…
Қатар жүрген қыздарының
Зәулім биік жұлдызы еді.
Кейде мақтап, кейде «соттап»,
Тік тұрғызар құндызы еді.
Қайран дәурен, өте шықты
Бір күнгідей болмады.
Елге сыйлы, халыққа құнды
Еділ-Жайық, Нарын құмы
Фаризасын жоқтады.
Қош бол, қалқам, Фариза ақын,
Қазақ елін жыр еттің.
Поэзияның туын ұстап,
Лүпілімен жүректің.
Бүгін сені еске аламыз,
Апа-сіңлі, замандас.
Риза бол қазағыңа
Рухыңмен нұрың шаш…
Ұмытпаймыз, есімізде
Бірге жүрген жылдарың.
Ұлан-байтақ Атырауың,
Еске алады құм Нарын.
Меллят САБЫРҚЫЗЫ,
Атырау қаласының
Құрметті азаматы.