ҚАНАТТЫ ҚЫЗ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ
Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қолдауымен жүзеге асырылып отырған стипендия қаламыздағы оқу орындарының ең үздік студентіне, не колледж оқушысына, соның ішінде білім сапасындағы барлық көрсеткіштері жоғары деп танылған бір қыз балаға берілетін болады.
Осы жерде айта кетерлігі, әр оқу орны ІІ курстағы қысқы сессияның қорытындысы бойынша өз ұсыныстарын облыстық ардагерлер кеңесіне түсіре алады. Нәтижесін тәуелсіз комиссия анықтайды.
Даңқты жауынгер атанған қанатты қыздың есімін ел есінде қалдыруда жасалып жатқан шаруалар да бар. Ұшқыштың туған жері Атырау атырабында батырдың ескерткіш бюсті тұр. Жақында «Эйр-Астана» компаниясының су жаңа ұшағына Хиуаз есімі берілді. Сонау қиын-қыстау заманда әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полктің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен даңқты жауынгер қызымыз Хиуаздың аты Атырау әуежайына берілсе деген ұсынысымыз бар.
Атырау облыстық ардагерлер кеңесі.
Байланыс телефоны: 32-76-38.