Атыраудың орталық мешітінде халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

ярмарка мечеть 3 Жаңалықтар

Жұма күні «Иманғали» орталық мешітінде халал өнімдер жәрмеңкесі өтті.

Негізінен әйел жамағат атсалысқан жәрмеңкеде үй жағдайында әзірленген кондитерлік өнімдер, сусындар, қолдан тігілген киім-кешектер, сонымен бірге, өзге де тұрмыстық «халал» маркалы тауарлар сатылымға шығарылды.

ярмарка мечеть (3)

Жұма намазынан шыққан жамағат күннің ыстығына қарамастан, жәрмеңкеге белсене қатысып, өздерінің ілтипатын білдіріп жатты. Шараны «Шапағат» орталығы ұйымдастырды.

ярмарка мечеть (2)

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз