
Қоғам
Қызылқоға тұрғынын іздестіру жұмыстары аяқталды
Бүгін, 23 сәуір күні сағат 08.00-ден бастап Қызылқоға ауданында Тайсойған ауылынан Ойыл өзеніне дейінгі 15 шақырым жерде Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (4 қызметкер, 1 техника), жергілікті атқарушы органның (2 қызметкер, 1 техника) және жергілікті тұрғындар (5 адам) күшімен, 1996 жылы туған жігіттің мәйітін іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Ол 21 сәуірде сағат 15.30-да аттын үстінде өзеннен өтіп бара жатқанда батып кеткен болатын.
Сағат 09.30-да ТЖД күшімен ер адамның денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»