Жарнама
Қоғам

ИМАНДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІС

«Ораза — бес парыздың бірі, Құранның аятымен бекітілген ғибадат. Бұл ай адамзат бақыты мен жақсылықтарға арналған ерекше ай» деген облыстық дін істері басқармасының теолог маманы Ерсін Әміре ораза айының кереметтігі жөнінде уағыз айтып, ауызашардың шырайын келтірді.
«Ораза тек рухани тәрбие ғана емес, ғылымның өзі оразаның адам ағзасына пайдалы екендігін дәлелдеді» деген ол, ораза жанның тазаруына, рухтың жоғарылауына мүмкіндік тудыратындығын, отыз күн оразада адам бойындағы жіңішке қан тамырларының жыл бойы жиналған шлактардан тазаратындығын айтты.
«Әт-тақуа» мешітінің имамы Нариман Мәжитұлының айтуынша, ауызашар беру одан әрі де жалғасады. Бастысы, ұстаған оразамыз қабыл, жинаған сауабымыз мол болғай!

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button