Жарнама
Қоғам

Гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жөнелтілді

Атырау өңірі атынан жиналған гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жөнелтілді. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына көмек ретінде басталған «Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында облыстық ішкі саясат басқармасы штаб құрған болатын.

Осыған орай ерікті түрде атыраулықтар азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек әкеліп көмектесті. Үш күн ішінде 8 тонна зат жиналып, мұның барлығы 2 жүк көлігімен жолға шықты. Оған қоса қаржылай көмек те көрсетіліп жатыр.


– Акция барысындағы жұмыстарға 100-ге жуық ерікті атсалысты. Қажетті құралдарды атыраулық кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары алып берді. Сондықтан барша атыраулыққа алғыс айтқымыз келеді, біздің күшіміз бірлікте екенін дәлелдеп жатырсыздар,- дейді Жастар ресурстық орталығы кеңес беру бөлімінің басшысы Асылхан Назымбеков.


Малика ТӘКЕЖАНОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button