АТЫРАУЛЫҚ «ВАХТОВИКТЕР» АВТОБУСЫ АУДАРЫЛЫП ҚАЛДЫ…

2022 07 26 062d101d2856e413 Қоғам

«103» желісіне ірі апат туралы хабарлама 26 шілдеде сағат 12.38-де түскен.

2022 07 26 avtob

«Қоңырау шалғандардың айтуынша, Атырауға жұмысшылар алып келе жатқан автобус Екібастұздан 25 шақырым жерде аударылып кеткен. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Қоңырау түскеннен кейін 14 минут өткенде медицина қызметкерлері оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті», – деді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.  

«103» қызметкерлері Екібастұз қалалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне тағы да жарақат алғадар болуы мүмкін екенін ескертті. Жедел жәрдем бригадаларының бірі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнында қалды.

«Екібастұз қалалық ауруханасына 16 адам жеткізілді. 19 бен 53 жас аралығындағы ер адамдар бас-ми жарақатын алып, миы шайқалып, түрлі жарақат алған», – деді «103» баспасөз қызметі өкілдері.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің бәрі қазір дәрігерлерге қаралып жатқанын хабарлады. Оқиға себептері анықталып жатыр. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты «Павлодар-Нұр-Сұлтан» тасжолының 139-шақырымында, Байет ауылы маңында болған.

«40 жастағы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, шұңқырға аударылып кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз