ҚЫРАҒЫ КҮЗЕТ ҚАЛҒЫМАЙДЫ

«Сұңқар Секьюрити» күзет фирмасы қызметкерлері аймақтағы кәсіпорындардың мүлкі сақтығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында кәсіби білігі мен іскерлігін анықтау үшін сынақ тапсырды.

Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысы бойынша жүргізілген сынақ  барысында күзетшілер өздеріне қорғауға сеніп тапсырылған адамдар мен мүліктер және нысандарға байланысты маңызды сұрақтар қамтылған тест тапсырмаларын орындаса, комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, әңгімелесу түріндегі сынақтан да өтті.

 Аталмыш фирманың жеке құрамды оқытушы-нұсқамашысы Көпболды Жалғасбаевтың айтуынша, күзетшілердің білімін жетілдірудегі жұмыстар ұдайы жүргізіледі. Фирманың бас директоры Жанарбек Шахшаев күзетшілердің бүгінгі күннің талабына сай машықтануы үшін мұндай сынақ жұмыстарының маңыздылығын айтып, күзет фирмасының жұмысын жоғары деңгейде ұстау қажеттігін баса айтты.

«Ең бастысы, тапсырушымен келісілген барлық талаптарды бұлжытпай орындап, қауіпсіздікті қатаң сақтауымыз керек. Тапсырыс берушімен ұзақмерзімді әріптестікті қалыптастырып, қызмет сапасына кепілдік беру үшін әр іске мұқият болған жөн»  деген Ж.Шахшаев атаған күзет фирмасы қызметкерлерінің өткен жылмен салыстырғанда білім деңгейлерінің жоғарылағанын да атап өтті.

 Бауыржан ТЕЛЕУБАЕВ,
«Досбол-Мұнай» ЖШС-нің
директоры.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз