Газеттің дəурені аяқтала ма?
ЕГЕР ЖУРНАЛИСТ БІР САЛАНЫ ЗЕРТТЕП, ТЕРЕҢІРЕК БАЙЫБЫНА БАРСА ОНЫҢ МАТЕРИАЛЫ ҚҰНДЫ БОЛАРЫ ХАҚ. СОНДЫҚТАН, БҮГІНДЕ САЛАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ДАМЫТУҒА АЙРЫҚША ДЕН ҚОЙЫЛА БАСТАДЫ. САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІНШЕ, ТІЛШІ ТАҚЫРЫПТЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАУЗАҒАНДА ҒАНА МАҚАЛА ОҚЫЛЫМДЫ БОЛЫП, ОҚЫРМАНҒА ОЙ САЛАДЫ. БІЗ МЕДИАНАРЫҚТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАР АЯСЫНДА ОЙ ТОҒЫТЫП КӨРГЕНБІЗ.
Газет формасындағы гаджеттер
Жасыратыны жоқ, қазір «газеттің дəуірі өтті, оның орнын сайттар алмастырып жатыр» деген пікір көбейді. Шығыны көп болғандықтан баспасөздің болашағына сенім білдіретіндер де азайып барады. «АIQYN» газетінің бас редакторы Амангелді Құрметтің айтуынша, бүгінде əлемде газеттер белгілі бір деңгейде өзінің өміршеңдігін сақтап келе жатыр. Əлі күнге дейін жақсы тиражбен шығып жатқан тиражы көп басылымдар бар. Айталық, «Нью-Йорк таймс», «Вашингтон пост», Түркияның газеттері тұрақты түрде оқырманымен қауышып отыр.
– Ал, Қазақстанға келсек, өкінішке қарай, газеттің дəурені аяқтала ма деген қаупім жоқ емес. Шын мəнінде, шетелдегі газеттердің өз-өздерін сақтап тұруына ол жақтағы газет оқу мəдениеті көмегін тигізіп отыр. Жасыратыны жоқ, біздің елде мұндай жақсы дəстүр жоқтың қасы. Яғни, тұрақты түрде
газет оқитын, таңертең бірінші шаруасы ретінде басылымға назар аударатын оқырман сирек.
Сол себепті, қазір мемлекеттің қолдауымен ғана газет шығарып келе жатырмыз. Əрине, жазылым
мəселесі бар, азды-көпті жарнама бар. Бірақ, қалай болғанда да мемлекеттің қолдауынсыз Қазақстанда мерзімді баспасөздің əрі қарай өмір сүруі қиындайтын сияқты. Баспа шығындары
əжептəуір көп. Сол себепті, алдағы уақытта қалыптасқан бұл жүйе өзгеруі ықтимал. Бірақ, өзім қазіргі технологиялық дамудың үрдісіне назар аудара отырып, газет формасындағы гаджеттер пайда болады деп үміттенемін, — деген əріптесіміз бүгінде планшеттердің газет секілді бүктелетін түрлері шығып жатқанына тоқталды.
«Бəлкім, шетелдің басылымдары осыны жетілдіріп, сондай газет сияқты алып оқитын, үлгі ойлап табатын шығар деп ойлаймын. Олай болмасагазеттердің бəсекедегі жағдайы қиын. Меніңше, бұл жерде белгілі бір мөлшерде оқырманды сақтауға болады. Ол үшін белгілі деңгейде жұмыс істелуі
керек. Мысалы, Түркиядағы «көше язарлары» сияқты бізде «редактор бағанасы» немесе «колумнистер» деген айдарлар бар. Түркияда белгілі бір ақпарат таралар кезде инсайдер соларға
тиісті ақпаратты жібереді. Онда ақпараттың трендін сол колумнистер қалыптастыратын кездер де болады. Мұндай жағдайда оқырман мақаланы газеттен алып оқиды. Содан кейін олардың пікірін қосып, əрі қарай сайттар таратып кететін жағдайлар да кездеседі. Осындай тəсілді қолдансақ, газеттің тарихын əлі де жарты ғасырға жеткізуге болатын шығар» дейді əңгімелесушіміз.
Жалпы, газет сақталуы үшін адам ностальгиясының сақталуы да маңызды. Яғни, жас күндерінің
естелігі, дағдысы ретінде газетін оқып отырса, мерзімді баспасөзді сақтауға оң септігін тигізуі
мүмкін. Басылымдардың сапалы шығуына мəн берілуі керек. Журналистер қоғамға қозғау
салар материалдарды ұсынса ғана оқырмандарының ойынан шығары сөзсіз.
– Бұрын біздің бала кезімізде жақсы очерктер, эсселер, яғни, публицистиканың жанрларымен
жазылатын материалдар көп шығатын. Қазір олар азайып кетті. Демек, стиль мəселесінде
қайтадан бір ойланған дұрыс шығар. Жалпы, қазақ тілді пресса, газеттер руханият тақырыбына көңіл бөлуі Газет формасындағы гаджеттер Жасыратыны жоқ, қазір «газеттің дəуірі өтті, оның орнын сайттар алмастырып жатыр» деген пікір көбейді. Шығыны көп болғандықтан баспасөздің болашағына сенім білдіретіндер де азайып барады. «АIQYN» газетінің бас редакторы Амангелді Құрметтің айтуынша, бүгінде əлемде газеттер белгілі бір деңгейде өзінің өміршеңдігін сақтап келе жатыр. Əлі күнге дейін жақсы тиражбен шығып жатқан тиражы көп басылымдар бар. Айталық, «Нью-Йорк таймс», «Вашингтон пост», Түркияның газеттері тұрақты түрде оқырманымен қауышып
отыр.
– Ал, Қазақстанға келсек, өкінішке қарай, газеттің дəурені аяқтала ма деген қаупім жоқ емес. Шын мəнінде, шетелдегі газеттердің өз-өздерін сақтап тұруына ол жақтағы газет оқу мəдениеті көмегін тигізіп отыр. Жасыратыны жоқ, біздің елде мұндай жақсы дəстүр жоқтың қасы. Яғни, тұрақты түрде
газет оқитын, таңертең бірінші шаруасы ретінде басылымға назар аударатын оқырман сирек.
Сол себепті, қазір мемлекеттің қолдауымен ғана газет шығарып келе жатырмыз. Əрине, жазылым
мəселесі бар, азды-көпті жарнама бар. Бірақ, қалай болғанда да мемлекеттің қолдауынсыз Қазақстанда мерзімді баспасөздің əрі қарай өмір сүруі қиындайтын сияқты. Баспа шығындары
əжептəуір көп. Сол себепті, алдағы уақытта қалыптасқан бұл жүйе өзгеруі ықтимал. Бірақ, өзім қазіргі технологиялық дамудың үрдісіне назар аудара отырып, газет формасындағы гаджеттер пайда болады деп үміттенемін, — деген əріптесіміз бүгінде планшеттердің газет секілді бүктелетін түрлері шығып жатқанына тоқталды.
«Бəлкім, шетелдің басылымдары осыны жетілдіріп, сондай газет сияқты алып оқитын, үлгі ойлап табатын шығар деп ойлаймын. Олай болмасагазеттердің бəсекедегі жағдайы қиын. Меніңше, бұл жерде белгілі бір мөлшерде оқырманды сақтауға болады. Ол үшін белгілі деңгейде жұмыс істелуі
керек. Мысалы, Түркиядағы «көше язарлары» сияқты бізде «редактор бағанасы» немесе «колумнистер» деген айдарлар бар. Түркияда белгілі бір ақпарат таралар кезде инсайдер соларға
тиісті ақпаратты жібереді. Онда ақпараттың трендін сол колумнистер қалыптастыратын кездер де болады. Мұндай жағдайда оқырман мақаланы газеттен алып оқиды. Содан кейін олардың пікірін қосып, əрі қарай сайттар таратып кететін жағдайлар да кездеседі. Осындай тəсілді қолдансақ, газеттің тарихын əлі де жарты ғасырға жеткізуге болатын шығар» дейді əңгімелесушіміз.
Жалпы, газет сақталуы үшін адам ностальгиясының сақталуы да маңызды. Яғни, жас күндерінің
естелігі, дағдысы ретінде газетін оқып отырса, мерзімді баспасөзді сақтауға оң септігін тигізуі
мүмкін. Басылымдардың сапалы шығуына мəн берілуі керек. Журналистер қоғамға қозғау
салар материалдарды ұсынса ғана оқырмандарының ойынан шығары сөзсіз.
– Бұрын біздің бала кезімізде жақсы очерктер, эсселер, яғни, публицистиканың жанрларымен
жазылатын материалдар көп шығатын. Қазір олар азайып кетті. Демек, стиль мəселесінде
қайтадан бір ойланған дұрыс шығар. Жалпы, қазақ тілді пресса, газеттер руханият тақырыбына көңіл бөлуі керек екендігіне көзім жетіп отыр. Өйткені, біздің халық осы мəселеге ерекше назар аударатыны белгілі. Газеттің стилі мəселесін қарастырған кезде публицистиканың ара-тұра бір жанрларын қолданып отырған дұрыс деп есептеймін. Сонымен қатар, басылымдар мүмкіндігінше қазіргі қоғамдағы түрлі оқиғаларға шолу немесе сараптама ұсынғаны абзал. Біз ақпараттармен оқырмандарды таңғалдыра алмаймыз. Біздің ақпаратымыз оқырманға жеткенше мазмұны
жойылып, мəні қалмауы мүмкін. Өйткені, газеттерді оқырмандарға жеткізетін – тасымал қызметі.
Олар оны бір апта, тіпті он күнде жеткізуі мүмкін. Ал, ол кезде ақпаратыңыз «өледі». Сондықтан, газеттің стилі туралы айтқан кезде, меніңше, жақсы, еркін дизайн, мейлінше сараптамалық
бағыттағы материалдар көбірек болса, бəлкім, оқырманға қызықты болатын шығар, — деген ойымен бөлісті Амангелді Құрмет.
Оқырман тартудың жолы қандай?
Иə, бүгінгі медианарықтың өзіндік талабы бар: трендтегі тақырыптардан тыс қалмау керек. Айталық, бір кездері «АIQYN»-да «Сіз не дейсіз?» деген айдар ашылған. Қоғамда нағыз күйіп тұрған өзекті мəселелерге қатысты белгілі бір адамдардың пікірлері ұсынылады екен. Сол кезде газет оқырмандарының саны айтарлықтай артқан. «Бұл жерде мына жағдайды естен шығармауымыз керек. Қазақстандық медианың зерттелуінде назарда ұстауымыз қажет. Біз телеарналардың рейтингін арнайы компанияның жүргізген зерттеулері мен сауалнамалары негізінде анықтаймыз. Ал, газеттердің рейтингін қалай бағалаймыз? Бұл жерде нақты бір зерттеулер жоқ. Егер де
медиа нарықты зерттейтін жеке компаниялар саны көп болса, газет редакциялары олардан белгілі тапсырыс беру арқылы көп нəрсені аңғарар еді. «Аудиториямыз қандай, бізді кім оқиды? Қандай тақырыптар қызықтырады?» деген сұрақтарға жауап алар еді. Сонда бəлкім, газеттің стилін, болашағын бағдарлауға мүмкіндік туатын шығар» дейді бізбен əңгімесінде А.Құрмет.
Электрондық газет, электронды жазылу…
Атап өтер жайт, бүгінде «электрондық газет», «электронды жазылу» деген ұғым пайда болғаны белгілі. Осыған байланысты əңгімелесушіміз мынадай пікірін білдірді: – Электронды жазылу мəселесін біз де құп көреміз. «АIQYN»-ның «PDF» нұсқасына электронды жазылу бар. Оқырмандарға сол нұсқасы келіп отырады. Сайтқа да сол жарияланған материалдар
шығуы мүмкін. Оқырмандар содан керегін тауып алады. Алайда, сайтта басқа да көптеген ақпарат
салынады. Иə, «PDF» нұсқамен электронды газет жасауға болады. Бірақ, оның ақысын төлеп жазылатындар көп болады дегенге сенбеймін. Бұл да қоғамдағы газет оқу мəдениетіне, ұстанымына байланысты. Біз əлі күнге ақпаратты тауар ретінде есептемейміз. Яғни, ақысын төлеп ақпарат алуға
құштар емеспіз. Менің білуімше, Қазақстанда тек «ҚазТАГ» агенттігінің кейбір ақпараттары ақылы негізде сатылып жүр. Тағы бірнеше ресурс болуы мүмкін. Бірақ, əнебір көп емес. Ал, Əзербайжанды айтар болсақ, ондағы жағдай мүлдем басқаша. Мысалы, өзім қызығушылық танытып əзербайжандық сайттардан ақпарат оқығым келсе, оған төлем жасауым керек. Содан соң алуға мүмкіндік бар. Яғни, ол қоғамда немесе батыстың бірқатар елінде ақпарат тауар ретінде бағаланады жəне оны оқырманы таңсық көрмейді, сатып алып оқиды. Қазақстан қоғамы оған əлі жете қойған жоқ. Біздің əлеуметтік желінің ықпалының күшейгені соншалық, ресми медиаға халық мұқтаждықты сезінбейді. Екіншіден, қоғамда қауесетке, консперологияға құмар адамдардың қарасы көп. Сондықтан, олар ресми медиадан гөрі «whatsapp»-тағы, əлеуметтік желідегі мəліметке көбірек сенеді. Сол себепті, электронды газетке жазылушылар сирек болуы мүмкін, — дейді ол.
Цифрлық дəуірде əр басылымның əлеуметтік желідегі белсенділігі де маңызды. Əлеуметтік желіде оқырманы көп сайттың немесе газеттің танымалдылығы жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан,
біздің қоғамда медианың беделі мемлекеттік тапсырыс, жарнама мəселелерінде материалдың
сапасымен сараптамалық материалдардың көптігімен емес, аудиторияның қамтылуымен
өлшенетіндіктен əлеуметтік парақшадағы қамту қызықтырақ болады. Амалсыздан хайптық,
«сарыжағалы» тақырыптарды пайдалануға тура келеді.
«Бəрібір оқырманды тарту – басты мақсат болып тұр. Қаржылық мүмкіндік болса, газеттер сараптамалық материалды видеомен тик-токта, Х-те, басқа да əлеуметтік желіде жариялап отырса, жақсы болар еді» дейді əріптесіміз.
P.S: Тілшінің қаруы, жаңашылдығы – оның білімінде. Әрине, шығармашылық қарым-қабілетіне байланысты публицистикалық жанрларды жаңғыртып, жақсы дүниелер берсе, тілшінің өзіндік қолтаңбасы саналар еді. Өкінішке қарай, әдемі сұхбаттар азайып кеткендігі байқалады. Сондай- ақ, журналист қандай да бір тақырыпты жазар алдында оны тереңірек зерттегені дұрыс. Көп ақпараттың ішінен тек маңыздысын ғана таңдап, сүзгіден өткізіп, оқырманға жолдауға дағдылануы тиіс. Кейбір тілшілердің материалдарын жұрттың бәрі бірдей көруі мүмкін емес. Бір ғана адамға ой салғанының өзі үлкен жеңіс. Әріптеспен әңгіме барысында біз осындай ой түйдік.
Айбөпе САБЫРОВА
сурет nargizaeres.wordpress.com сайтынан алынды