Еріктілер қатарында болсаң…

gbhjnkml Қоғам

Атырауда студенттерге «Волонтерлік негіздері» тақырыбында тренинг өткізіліп жатыр. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Сана» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара жастардың өзін-өзі басқару және еріктілер қызметін дамыту мақсатында қолға алынып отыр. Студенттерге тренингті «Ұлттық волонтерлар желісінің» тренері Александра Крашинина дәріс оқиды.

Бұл тренингтің ерекшелігі сол, алғаш рет еріктілер қатарына еніп, волонтерлік қызметпен жаңадан танысып жатқан жас буын өкілдеріне оның бағыттарын таныстырып, тәжірибе жүзінде көрсетіледі. Сондықтан, аталмыш шарада дәріс оқуға осы волонтерлік және әлеуметтік жобалар саласындағы 12 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар «Best for Kids» қоғамдық қорының президенті Qazvolunteer.kz платформасының контент менеджері, Ұлттық волонтерлік желі және ЮНИСЕФ Қазақстан жобасының менеджері, волонтерлік және адам құқықтары саласындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде тренингтер әзірлеуші және тренер Александра Крашинина шақыртылды.

«Beluga» қонақ үйінің конференция залында 17-18 қазан күндері өтетін ауқымды дәріс сабағында «жалпы волонтер деген кім?», «Ол қалай басталды?», «Оның қызметі қандай?», «Бағыттары қандай?» деген сауалдарға жауап ізделмек. Тренингке 120-ға тарта студент қатысады. Олардың қатарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі,  Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы музыкалық колледжі, Жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі, Атырау аграрлы техникалық колледжі, Атырау жоғары көп салалы болашақ колледжі, Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының колледжі, Атырау индустриялды колледж, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студент-жастары бар.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз