Баннер 9 мая от газеты Атырау

Ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізілді (+ВИДЕО)

img 7207 Қоғам

   Исатай ауданы әкімі аппараты басшысының қатысуымен Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытында жастармен кездесу өткізілді.

 Түсіндірме барысында аппарат  басшысы А.Байсалбаев өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, өңірлік кадр резерві бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

    Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты – өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін айтып, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды.

    Атап өту қажет, іріктеуге:

-35 жастан аспаған;

-жоғары білімді;

-3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар -Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

    Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз