Жарнама
Қоғам

Елорда тойы – ел тойы

Астана күніне арналған мерекелік шаралардан халық шет қалмай ерекше ықыласпен тамашалады. Мерекелік шараның алғашқы шымылдығы ретінде 5 маусым күні Махамбет атындағы қазақ драма театрында белгілі драматург Рахымжан Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» спектаклі қойылды. 
Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан Астанасының беделді, сәулетті қалалардың қатарынан орын алғандығын кеңінен насихаттаған шаралар тізбегі өңір орталығында суда жүзу және қазақша күрес, таэквондо, сонымен бірге, жеңіл атлетикадан спорттық сайыстарға ұласты.
Қала тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы өнімдері мен кондитерлік тағамдар жәрмеңкесі де Астана күніне орайластырған маңызды шараның бірі болды. Мұнайшы спорт кешені алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің және азық-түлік тауарларының, жалпы ауылдық жерде өндірілетін өнімдердің барлығы дерлік осы жәрмеңкеден табылды. Оның ұшар басы “Бал базарымен” ашылса, тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек саудасына дейінгі аралықта көше бойы қойылған сауда сөрелерінен не керектің бәрі табылды десе болады. Ал, өнім бағалары қала базарларындағыдан анағұрлым төмен болды.
Алты Алаштың ақиқатқа айналған арманы – Астана күні тек Астана қаласында емес, қазақ жерінің әр өңірінде де кешкілік мерекелік думанмен асқақтатып атап өтілді. Атыраудағы шаралар легі кешкілік «Исатай-Махамбет» алаңында «Еліміздің жүрегі, елдігіміздің тірегі — Астана» атты мерекелік концертке ұласты.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА,
Суреттерді түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button