ЭЛЕКТР ҚУАТЫ – АЛДЫН-АЛА ТӨЛЕМСІЗ
Меморандумға қол қойғанАтырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев және «АтырауЭнергосату» ЖШС директоры Эльмира Исембергенова мұндай келісімге арада орнатылған іскерлік қарым-қатынас арқылы қол жеткізіп отырғандарын айтады.
— Электр энергиясы үшін жүз пайыз алдын ала төлемақы төлеу шағын бизнес иелері үшін үлкен қиындықтар тудырып келген еді. Кәсіпкерлеріміз мұндай шарттың заңды немесе заңсыз әрекет екенін анықтауды талай мәрте сұраған болатын, — дейді А.Жәкиев.
Аталған мәселеге орай палата өкілдері электр энергиясы саласындағы қызмет көрсету түрлеріне шұғыл түрде тексерістер жүргізді. Нәтижесінде, «АтырауЭнергосату» ЖШС тарапынан бұл шарт заңсыз деп танылды. Өйткені, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 488-бабы 1-бөлімінде көрсетілгендей, абонент өзі пайдаланған энергия мөлшері (арнайы есептегіш құралдарымен анықталған) тіркелген жағдайда ғана төлем жүргізуі тиіс екен.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.