Атырауда карантин талаптары жеңілдетіледі

atyrau COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына орай бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік тіркелу саны – 15-20 адамды құрап отыр. Сәйкесінше, 17 тамыздан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуынша, карантин талаптары жеңілдетілгенмен, тұрғындар санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

  • Өңірдегі эпидахуал тұрақтанғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті, облыс тұрғындары карантин шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды орындауға тиіс. Азаматтар үнемі маска тағуға, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметіне рұқсат берілетін кәсіптік нысандарда жаппай дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі керек, – деді Жанар Досымбаева.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен ашық базарлар сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар мен СПА орталықтар өз жұмыстарын жалғастырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз