Жарнама
Қоғам

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТНАМА

 

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, заң жобасы арқылы қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамаларын жетілдіру көзделіп отыр. Атап айтқанда, қоршаған ортаға қатысты эмиссияларды азайту, мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттар санын қысқартып, осы бағытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру қарастырылады. Бұдан бөлек, құрлықтық қайраңдарда жерді пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелерін реттеу көзделген.

«Өзгертулер негізінен бірінші кезекте қарапайым бизнеске қатысты мәселелерді жеңілдете түсуге бағытталып отыр. Бұл ретте осы саладағы рұқсатнамаларды беру мерзімін қысқарту арқылы біз бірқатар құжаттарды біріктіруді ұсынамыз. Яғни, рұқсат алушылардан талап етілетін құжаттар саны азаяды», —  деді М.Мырзағалиев.

Белгілі болғандай, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу мен қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсат беруге бірдей құжаттар талап етіледі. Бұл ретте мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қоршаған ортаны қорғау эмиссияларының бекітілген нормативтері де жазылады. Осылайша, аталған салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да, оған қатысты ұсынылатын құжаттар тізбегі де екі есеге дейін қысқарады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button